Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени Орталығы экспозициялық залдарда келушілер үшін қызықты ақпараттармен толықтыру жұмыстарын үнемі жүргізіп жаңалап отырады.
Соған орай 17- шілде күні ҚАРИУ- ЗАУЫТ- ЖТОО жайындағы ақпараттарды жаңалау, толықтыру мақсатында әрі университеттің музейімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу үшін Орталығымыздың ғылыми қызметкерлері Қарағанды индустриялық университетінің музейінде болып,музейдің жұмысын ұйымдастырған қызметкерлерімен кездесіп, көптеген тарихи фотосуреттер мен архивтік құжаттар мен мәліметтер алып, әрі іс-тәжірибе алмасып қайтты.