«Мамандықтар әлеміне саяхат» атты музей сабағы

Орталығымызда «Жұмысшы мамандықтары жылына» арналған танымдық бағдарлама ашылды.Жұмысшы мамандықтарымен таныстыруға арналған «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты музей сабағы қала мектептерінің бастауыш және орта буын оқушыларына арналған. Ақпанның 12 күні Орталық қызметкерлері өткізген музей сабағына қала мектептерінің бастауыш сыныптарынан 150 тарта оқушы қатысты. Сабақ барысында түрлі мамандықтар туралы, мамандық таңдаудағы ұстанымдар жайлы қызықты да қажетті ақпарттар айтылып, бейнебаяндар көрсетілді. Музей сабағы қызықты да әсерлі өтті.