5516 әскери бөлімінің құрылған күні
24 ақпан күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 5516 әскери бөлімінің құрылғанына 26 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Атаулы күнге арналған жиында келісімшарт бойынша қызмет етуші офицерлер, әскери қызметшілер, сарбаздар және ардагерлер болды. Мерекелік шара Теміртау қаласы әкімі орынбасарының құттықтау сөзімен басталып, жауынгерлік біліктілікті өткізуге ұласқан жарқын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Бұл шығармашылық шара кездесуден бөлек жағымды тілектер мен жақсы естеліктерге толы болды.