Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы бойынша өткізілген конференция туралы
2018 жылдың 2 наурызында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы бойынша конференция болып өтті.
Конференция Теміртау қаласының білім бері бөлімімен біргелікте өткізілді.
Іс-шараға Теміртау қаласы әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының Теміртау қалалық филиалының, Теміртау қалалық орталық кітапханасының өкілдері, Теміртау қаласының білім беру бөлімінің басшылары мен қала мектептерінің тарих пәні оқытушылары қатысты.
Конференция барысында қатысушыларға Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына арналған бейнебаян көрсетілді. Онан кейін Орталықтың ғылыми қызметкері Мамбетов Қуатбек Айымбетұлы «Елбасының кітаптары – өмірлік жолбасшы», Орталықтың ғылыми қызметкері Каваев Андрей Валентинович «Трудное начало», №19 мектептің тарих пәнінің оқытушысы Татьяна Олеговна Шакабаева «Рождение независимого государства. Фундамент системы нового образования», Орталықтың ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Кетебаев Даурбек Бердашұлы «Жасампаз жылдардың шынайы шежіресі», №15 қазақ мектеп-гимназиясының тарих пәні оқытушысы Базарбаева Жанат Қуандыққызының «Третья модернизация Казахстана» тақырыптарында жасалған баяндамалары тыңдалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы Елбасының еліміздің жаңа тарихына және болашағына көзқарасын көрсетеді. Онда автор Тәуелсіздігіміздің 26 жылдағы егемен мемлекет құрудағы кезеңдерге сипаттамасына ерекше көңіл аударған.
Кітапта дамудың «қазақстандық моделінің» мәні, оның эволюциясы, В книге показывается суть «казахстанской модели» развития, ее эволюция, негізгі үдерістері, қозғаушы күші, Қазақстандағы жаңарудың үш толқыны айқын талдап көрсетіледі.
Конференция қала оқушыларын тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуындағы негізгі кезеңдері туралы ақпарат беру мақсатында өткізілді. Себебі Мемлекет басшысының өзінің кітабында «Біздің азаматтарымыз, әсіресе жастарымыз бағдарымыздың не үшін және қалай айқындалғанын, тәуелсіз Қазақстанның қандай жағдайда өмірге келіп, құрылғанын, оны қалыптастыруда қандай адамдардың маңызды рөл атқарғанын, сол кезде қандай оқиғалар болғанын білуге тиіс деп есептеймін. …», – деген болатын.