«Мен әлемді бейнелеймін!» көрмелік жобасы


Тұңғыш Президенттің тарихи –мәдени орталығында маусымның 2 күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Мен әлемді бейнелеймін» атты көрмелік жобаның ашылуы өтті. «Мен әлемді бейнелеймін» атты көрмелік жобаның ашылуына Теміртау SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Көрменің ашылу салтанатында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері жас келушілермен көңілді мерекелік флэшмоб ұйымдастырды.
«Мен әлемді бейнелеймін» жобалық көрмеге балалардың қолынан шыққан воскография,акварелді кескіндеме,сурет, картина, эксперименталды техника бойынша орындалған жүн акварелі, ,ниткография секілді түрлі жанрдағы шығармалары қойылды. Мұнымен қоса араларында түрлі тәсілмен салынған-гипсті мүсін, моншақтан жасалған бұйымдар, кескінді кесте,майда моншақпен тоқу, газет түтікшелерінен өру,алмазды кестелеу, папье-маше, модульдік оригам және өзге де жұмыстар бар.Барлық жұмыстар балалардың әлемге деген ашық та жарқын көзқарастарын бейнелейді.Көрме сюжеттік әртүрлілігімен ерекшеленеді,өйткені балалар қиялы бай. Мұнда теңіздің тереңін мекендеушілер,фантастикалық батырлар, көрермендерінің жүзіне күлкі үйіретін ойдан шығарылған жаратылыстар да бар.Көрме тек балаларға ғана арналмаған. Шындығында ол ересектерге балалардың бақытты болуына, жақсы оқып, өздері қалайтын ісімен айналысуына және келешекте өз елінің адал азаматы болып өсуі үшін балалар құқығын қорғау қажеттігін естеріне салады. Көрме маусымның 17-не дейін жалғасады.