Республикалық семинар өтті


«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласын іске асыру және ішкі істер органдарының беделін жоғарылату мақсатында ағымдағы жылдың 25 мен 26 шілде аралығында Қарағанды облысы Теміртау қаласының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығында Кадр жұмысы Департаменті басшылығының, Қарағанды облысының ІІД, Ішкі істер органдары ардагерлер Кеңесі мен Ұлттық ұлан, аумақтық бөліністердің кадр жұмысы бөлімдері бастықтарының орынбасарлары және ІІО Мұражай қызметкерлерінің қатысуымен «Туған жер» және ІІО қызметкерлерінде патриотизмді қалыптастыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ішкі істер органдары мұражайының қызметі» тақырыбында мұражай қызметкерлерінің семинар-кеңесі өткізілді.

Бағдарлама аясында жеке құраммен ішке істер органдары бөліністерінде мұражай жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған тәжірибелік және дәрістік сабақтар өткізілді, қызмет барысында туындаған проблемалық мәселелерді талқылау және т.б. сұрақтар бойынша тәжірибе алмасты.
Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Қ.Ынтықбаев мұражай қызметі ішкі істер органдары қызметкерлерін және әскери қызметкерлерін отансүйгіштікке тәрбиелеуде ең маңызды құндылық екенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Бүгінде ардагерлердің тәжірибесін пайдаланбаған бірде-бір мұражай жоқ. Мұражай полиция қызметкерлеріне өз міндеттеріне мұқият қарауға, аға ұрпақтың үлгісіне және Отанға деген адалдыққа, заңға және тәртіп қызметкерлеріне үлгі болуға тырысып, оларды қолдауға көмектеседі»,-деп атап өтті өз баяндамасында ІІО ардагерлері Кеңесінің және ҰҰ төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков.
Екі күндік семинар барысында қатысушылар ақшаны толықтыру, экспозицияларды жаңарту, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жетілдіру мәселелерін талқылады, келушілерге ақпарат берудің жаңа ақпараттық технологиялары мен инновациялық әдістерін қолданатын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығының жұмысымен танысты.
Қызметтік міндеттерін орындау барысында ерлікпен қаза болған ІІО қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, «Сирена» Операциясы» деректі фильмі көрсетілді.
Сондай-ақ, семинар бағдарламасы аясында ІІМ, облыстың ІІД басшылығы Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды Академиясына барды. Онда тыңдаушылармен мұражай мүмкіндігін пайдаланумен тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен танысты, одан кейін Долинка кентіне «Карлаг» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мұражайына экскурсияға жолға шықты.
Екі күндік семинардың қорытындысы бойынша шешім қабылданды, қатысушыларға сертификаттар берілді.