Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ұжымы Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Сыздықова Гүлім Сақытайқызын Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл мәртебелі марапат – оның кәсіби біліктілігінің, музей саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі мен ісіне деген адалдығының жарқын көрінісі. Гүлім Сақытайқызы Теміртау қаласының музей ісін дамытуға зор үлес қосып келеді. Оның дарыны мен ынтасы тарихи мұраны сақтауға ғана емес, оны кеңінен насихаттауға да мүмкіндік беріп отыр.
Шын жүректен мықты денсаулық, шабыт, шығармашылық табыс және кәсіби қызметінде толағай жетістіктер тілейміз!