«Қасым солай болмаса несі Қасым».
«Қасым солай болмаса несі Қасым»
Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында «Қасым солай болмаса несі Қасым» атты әдеби кеші өтті.
Әдеби кеште Теміртау қаласының №4 ЖББМ тәрбие ісі бойынша директор орынбасары, қасымтанушы Қайырбек Сауле Нәзірбекқызы және қаламыздың белгілі ақыны,қоғам қайраткері Руза Алдашева Қасым Аманжолов туралы баяндамасымен көрермендер алдында сөз сөйледі. Қарағанды индустриялық университетінің студенті Тлеубек Арайлым, Ғабиден Мұстафин атындағы мектептің бір топ оқушылары Қасым өлеңдерін жатқа оқып берді. Өзім туралы әнімен облыстық,республикалық ән жарыстарының қатысушысы Мұқағали Нұрмаханов сахнада өнерін паш етті.
Кеш соңында осы әдеби кештің басты ұйымдастырушысы «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығының директоры» Меруерт Бағдатқызы сөз сөйлеп, қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.