Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары


«Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы мәресіне жетті.
2019 жылдың 30 қарашасында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығындаТұңғыш Президент күніне арналған «Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары» атты дәстүрлі облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті.
Дәстүрлі байқаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын үйрену мен насихаттауда оқушылардың ғылыми ізденістерінің даму деңгейі мен үрдісін анықтау, олардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру болды. Байқауға Қарағанды облысынан отыз колледжі қатыс- ты. Тұңғыш Президент күні қарсаңында іріктеу кезеңінен өткен Қарағанды облысының он колледжінің студенттері Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясындағы ғылыми жобаларын қорғады. Байқауды құрамында ҚарМУ, ҚМИУ оқытушылары мен Қарағанды білім және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларының өкілдеріне тұратын әділқазылар алқасы бағалады.
Іс-шара соңында байқаудың ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Сонымен «Елбасының тарихи жобалар мен бастамалар» атты облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлделі бірінші орын Бұқар жырау агротехникалық колледжінің студенті Виктория Макушеваға, екінші орын Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенті Қиянбекова Несібеліге, үшінші орын Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Анастасия Тарховаға берілді. Жүлдегерлерге I, II, III дәрежелі дипломдар мен Сертификаттар, 40000, 30000, 20000 теңге көлемінде «Технодом сауда үйінің» Сертификаттары мен жетекшілеріне Алғыс хаттар тапсырылды. Сонымен қатар қалған қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары беріліп, он мың теңге көлемінде Сертификаттар табыс етілді.