Домбыра – дастан


27 маусым күні сағат 11:00 де Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында шілденің алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра» күніне орай «Домбыра – дастан» атты тарихи-танымдық, әдеби-сазды концерттік іс-шара өтеді.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлы даланың дауысын күмбірлеген үні арқылы ғасырдан-ғасырға жеткізіп, мол рухани байлығымызды аман сақтап келе жатқан ұлттық аспабымыз домбыраны ұлықтау; өскелең ұрпақты Отансүйгіштік сезімде тәрбиелеу; жаңа Қазақстанның ертеңі жастардың баба мұрасына деген оң көзқарасын мәдени көпшілік шара арқылы қалыптастыру.
Іс-шараға Теміртау қаласындағы Ғазиза Жұбанова атындағы өнер мектебінің «Жебе» домбырашылар оркестрінің мүшелері, «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Мирас» домбырашылар ансамблі қатысады. Көрермен ретінде қаламыздағы жазғы-мектепішілік демалыс лагерлерінің оқушылары мен тәрбиешілері және Теміртау қалалық аула клубтарының оқушылары шақырылған.