Е.А.Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойы

Е.А.Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойының қарсаңында ҚарУ студенттерінің «Дара тұлға дана тұлға» атты көрмесі ашылды. Евней Арыстанұлы Бөкетов-200-ден астам ғылыми еңбектің, тоғыз монографияның, 90-ға жуық өнертабыстың авторы, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің тұңғыш ректоры және негізін қалаушы, Қазақстанның химия-металлургия ғылымындағы басты тұлға. «Дара туған дана тұлға» көрмесінде Евней Арыстанұлының көптеген портреттері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнеріне тән киізді көркемдеп өңдеу, Қарағанды пейзаждары қайталанбас атмосфера тудыратын жұмыстары, Орталықтың көркемсурет галереясына қойылды. Көрменің салтанатты ашылуына педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Алтаевна Муликова және бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Қанат Төкенұлы Қошқумбаев, сондай-ақ Ғ. Жұбанова атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары және Қарағанды индустриялық университетінің студенттері қатысты.