Орталықта Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауғанда болған жауынгер» атты музей сабағы өтті

Орталықта Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауғанда болған жауынгер» атты музей сабағы өтті. Соғыс ардагерлерімен кездесуге қаламыздың Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің «Жас сарбаз» кадет әскери сыныптарының оқушылары, Ғабиден Мұстафин атындағы мектептің және №2, №4 мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Есімдері ерекше сипатқа ие ардагерлерді құрметтеу — бүгінгі ұрпақтың парызы. Сабақтың мақсаты: оқушыларды Ауған соғысы тарихымен тереңірек таныстырып, білімдерін нығайту және патриоттық тәрбие беріп, туған жерге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру. Сабақ қызықты және жоғары деңгейде өтті.