Орталықта Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойына және Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты жылжымалы көрме ашылды.

Орталықта Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойына және Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты жылжымалы көрме ашылды. Көрменің салтанатты ашылуына Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Мұратқызы, ғылыми қызметкер Баймағанбет Біржан Бауыржанұлы қатысты. Көрмеге өздері әзірлеген қазақтың батыр ұлы Мәлік Ғабдулиннің өмірі мен шығармашылығына арналған жәдігерлер Кокшетаудан әкеліп қойылды.
Көрменің ашылуына Теміртау қаласының ардагерлер алқасының мүшелері, қаламыздың «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейінің, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің, Ғабиден Мұстафин атындағы мектептің, Әлихан Бөкейханов атындағы гимназияның және №2, №9 жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Іс-шара тартымды жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның соңында қонақтарымыз алғыс хаттармен марапатталды.