Рухани келісім – татулық тірегі
_____Қазанның 07 күні сағат 15:00-де Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Рухани келісім» күніне орай ашықдиалог алаңы дінаралық және ұлтаралық татулық – қоғамдық келісімнің басты негізі болып табылатындығына байланысты «Рухани келісім – татулық тірегі» атты ашық диалог алаңы өткізілді.
Елбасы бастамаларының бірі рухани келісімнің еліміздегі басты мақсаттары мен міндеттерін өскелең ұрпаққа насихаттау үшін тағылымды-танымдық мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, басты мамандардың ой-пікірлерін тыңдай отырып, көкейде жүрген сауалдарын ортаға тастап ашық түрде талқылаулар жасату мақсатында өткізілген жиын барысында барша қатысушылар өз ойларындағы сауалдарына тиісті мамандардан жауап ала алды.
________Іс-шара соңында Орталық басшысы С.Саргизова тағылымды шараға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, қаламыздағы түрлі мекемелерден қатысқан қатысушы мамандарға алғыс хаттарын табыс етті.