Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері
2018 жылдың 11 қаңтары күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын үйрену бойынша жиын өткізілді. Іс-шараға Орталықтың барша қызметкерлері қатысты.
Іс-шара басында Президентің Жолдау бойынша Мәлімдемесінің бейнебаяны көрсетілді. Одан кейін сөзге шыққан Орталық басшысының орынбасары Ильясова Нәзира Асқапқызы мен ғылыми қызметкер Мамбетов Қуатбек Аймбетұлы Жолдаудың маңызын атап өте отырып, Орталықтың Президент Жолдауын насихаттау бойынша дәстүрлі Назарбаев оқуларының жоспарын тез арада түзу керектігіне тоқталды.