«Теміртау-алтын бесігім» атты құрама көрме
2020 жылдың 29 қыркүйегінде Тұңғыш Президенттің тарихи мәдени орталығы Теміртау қаласының 75 жылдық мерейтойына арналған «Теміртау-алтын бесігім» атты ашық аспан астындағы құрама көрме өткізді. Көрмені әзірлеуге Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі мен Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебі қатысты.
Металлургтер монументі алдындағы алаңда қойылған құрама көрмеге келушілер орталық Теміртау қаласының қалыптасуына және оның тарихына арналған Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің 1960-1980 жылдар аралығында “соцреализм” техникасында орындалған суреттерін және Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебі оқушылары әзірлеген шығармаларды тамашалады. Сонымен қатар, келушілер Н. Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен оның Теміртау қаласында, Қарағанды металлургия зауытында басталған саяси өсу жолы туралы баяндайтын фотокөрмемен танысты. Бұл фотоқұжаттық экспозицияға Теміртау қаласы мен Қазақстан Магникасының құрылысы жайлы ретро-фотосуреттер ерекше мән берді.