Жазушы Ғ. Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ғабиден Мұстафин-дала классигі» атты әдеби кеші.
Қарашаның 30 күні сағат 11.00-де Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебінің музейінде Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы мен мектеп ұжымының бірлесіп ұйымдастырған қазақтың классик жазушысы Ғ.Мұстафиннің 120 жылдық мерейтойына арналған «Ғабиден Мұстафин-дала классигі» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының шығармалары арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, шыншылдыққа,адалдыққа тәрбиелеу. Жастарды қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен таныстыру арқылы кітап оқуға шақыру мен рухани жағынан байыту болып табылады.
Әдеби кешке Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызхметкері Қ.Ы.Оразымбетов жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасады. Теміртау орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Ж.Д.Әмірбаева арнайы кітап көрмесімен таныстырды. Жазушы атындағы музейге экскурсиялық шолу жасалып,оқушылар шығармаларынан қойылымдар көрсетіп, үзінділер оқылды. Соңынан іс-шараның белсенді қатысушыларына Алғыс хаттар табыс етілді.