Жылы сөзбен жаныңды жылытамыз


2020 жылдың 3 наурызы күні Теміртау қаласының орталық кітапханасында Алғыс айту күні мен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Жаныңды жылы сөзбен жылытамыз» атты іс-шара өткізілді.
Аталмыш шараға Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының әдіскері В.В.Кутлуева қатысып қайтты.
Сондай-ақ , шараға Теміртау қаласының ардагерлер Кеңесінің өкілдері, “Надежда” халықтық ән ансамблі, “Жауыртау” вокалдық топтары қатысты. Туған өлкеге, махаббатқа, сұлулыққа арналған лирикалық поэзия мен фольклор-айтулы шараның негізгі арқауына айналды.Мерекелік шара барысында қазақ және орыс халық әндері орындалып, соңында Алғыс хаттар табыс етілді.