«Мәңгілік ел қыранымын» атты әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 2018 жылдың
3 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне және Астананың 20
жылдығына орай «Мәңгілік ел қыранымын» атты әскери-патриоттық әндер
фестивалі өтті.
Аталмыш фестивальдің негізгі мақсаты қатысушыларды патриоттық
рухта тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан –
2050″ халыққа жолдауындағы «Мәңгілік Ел идеясын» жүзеге асыру,
Қазақстан Республикасының мәдени және рухани мұрасын сақтау.
Фестивальде әскери және соғыс жылдарындағы әндер, патриоттық,
туған жер, Қазақстан жайлы, сонымен қатар Астана туралы әндер
орындалды.
Фестивальге қатысушылар: Теміртау қаласының әскери бөлімдерінің
қызметкерлері, арнаулы орта білім беретін оқу орындарының оқытушылары
мен студенттері және қала мектептерінің мұғалімдері, оқушылары.
Шара соңында Орталық басшысының орынбасары Н.А.Ильясова
құттықтау сөзін білдіріп, қатысушыларды
фестивальге белсене
қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапаттады.