Тәуелсіздік ұрпақтары жастар – елімізді болашаққа бастар


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Жастар жылына» және 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Тәуелсіздік ұрпақтары жастар – елімізді болашаққа бастар» атты концерттік бағдарлама өтті.
Оған Теміртау қаласындағы колледждер және «Серпін» бағдарламасы арқылы ҚарМИУ-да білім алып жатқан студенттер, қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары, Ғазиза Жұбанова атындағы өнер мектебінің талантты тәрбиеленушілері және жас ақындар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты Жастар жылына орай еліміздің ертеңін қалыптастыратын жастарымыздың ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдау, талантты жастардың өнерін қолдау.
Халқымыздың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп жырлағандай концерттік бағдарламаға қатысушылар түгелдей жастар туралы, Отан, Тәуелсіздік туралы патриоттық әндерін орындап, өлеңдер оқылды.