Уақыт ағымында

Тағдыры қоғамдық үдерістер және құбылыстармен ерекше үндес және олардан ажырамас тұлға өз заманының бетәлпетіне айналады. Осындай тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Көп кешікпей Карметкомбинаттың металлургтері Н.Ә.Назарбаевты кәсіпорынның партия ұйымының хатшысы етіп сайлайды. Өндірісті дамытудың қамын ойлаумен қатар, металлургия комбинатының партком хатшысы Н.Назарбаев тұрақты ұжым қалыптастыруды, тәртіпті нығайтуды, әлеуметтік қамсыздандыру мен қаланы дамытуды да естен шығармады.

Өзінің іскерлігі мен жеке басының қабілетінің арқасында Н.Назарбаев Қазақ КСР-ның басшы құрылымдарының жоғары эшелонының құрамына кіреді. Қазақстанның басына ауыр сынақтар түскен кезде Н.Назарбаев ел тағдырын шешетін жауапкершілік жүгін мойнымен көтерді. 1990 жылғы президент сайлауының нәтижесінде көпшілік дауыспен Н.Назарбаев Қазақ КСР-ның Президенті болып сайланады. Мемлекет басына келген алғашқы күндерден бастап байыпты ыңғай мен саяси көрегендік танытқан Нұрсұлтан Әбішұлы өте күрделі әлеуметтік-экономикалық және геосаяси жағдайдағы жас мемлекеттің қалыптасуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Витриналарда болашақ Президенттің белсенді саяси қызметін сипаттайтын фотоматериалдар мен құжаттар ұсынылған. Фотоматериалдар мен құжаттар Карметкомбинат пен Теміртау қаласының ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарындағы даму тарихын ашып көрсетеді. Экспозициялық тумбаларда Н.Ә.Назарбаевтың әртүрлі кезеңдердегі қызметіне байланысты құжаттар берілген. Олар Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің Теміртау, Қарағанды және Алматы қалаларының архивтеріндегі зерттеу – іздестіру жұмыстарының нәтижесінде дайындалған. Залда металлургтер Мәдениет сарайы, зауыт-ЖТОО, «Дельфин» (қазіргі «Жастар») жүзу бассейні, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан самарқандтық жауынгерлер ескерткішінің макеттері орналасқан. Ақпараттық панельдерден Орталыққа келушілер маңызды саяси оқиғалардың хронологиясын біле алады.