Президент Жолдауы 2018
2018 жылдың 18 қаңтары күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Теміртау қаласы әкімдігі қала активімен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау және насихаттау бойынша жиын өткізді.
Іс-шараға Теміртау қаласы кәсіпорындары мен мекемелерінің өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық ұйымдардың басшылары, Елбасының қызметтестері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналыста Теміртау қаласы әкімі Ғалым Әбіқанұлы Әшімов қала әкімдігінің Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша міндеттері туралы баяндама жасады.
Әкімнің Баяндамасынан кейін сөзге шыққандар Президент Жолдауының маңызы, оның қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудағы рөлі ерекше екендігін атап өтті.