“Менің қалам” балалар жұмыстарының көрмесі
Қала күні әрқашан мереке. Көптеген қалалар құрылғаннан бері жүзден, тіпті мың жылдан астам уақытты құрайды және мұнда қалай бей-жай қалуға болады? Қала-халық пен елдің көзге көрінетін, бейнеленген тарихы. Өз халқыңды және өз еліңді сүю – бұл, соның ішінде, сіз тұратын қаланың туған күнін тойлауды білдіреді.
Орталықтың галереясында “Менің қалам” байқауына қатысқан балалар жұмыстары ұсынылған. Балалар өз қолдарымен Теміртау қаласының макеттерін жасады: тыныш аулалар мен даңғылдар, алаңдар мен қалалық ғимараттар, ескерткіштер мен қала сәулетінің көрнекті нысандары. Көрме Теміртау қаласының күніне арналған, ал балалардың көз алдында -бұл сұлулық, достық пен қуаныш орнаған бейбіт қала.
“Менің қалам” балалар жұмыстарының көрмесі Қазақстандағы Балалар жылына орай өткізіліп отыр.