«Өнерлі өрге жүзер»

«Өнерлі өрге жүзер» атты байқау!

14 қазан Тұңғыш Президенттңғ тарихи-мәдени орталығында Теміртау қаласының бала -бақша тәрбиешілері арасында «Өнерлі өрге жүзер» атты байқау өткізілді. Теміртау қаласының қазақ тілінде жұмыс жасайтын балабақшалардың тәрбиешілері мен күтушілері арасында өткізілетін өнер байқауының мақсаты: Өнерлі, таланттарды халық арасында насихаттау, олардың орындау шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау; Мерекелік көңіл – күй сыйлау, марапаттау. Оның бағыттары:

 балабақша «Фото коллаж» (Алдын ала тәрбиешілер дайындап, жасап әкеліп 1 -2 минутта айтып түсіндіреді)

 «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету)

 «Кім тапқыр» (сұрақ – жауап, педагогикалық жағдаяттар)

 «Салт дәстүрді құрметтейік»

 Сән үлгісі – 2022

Сонымен қатар тәрбиеші мен ата-аналар, балалар арасында туындаған жағдаятарды шешу кезінде педагогтың әрекетінің түрлеріне ойын тұрғысынан қарау. «Сәуле» балабақшасының тәрбиеші Вершинина Руслана Руслановна байқау жеңімпазы болып жариялады! Құттықтаймыз!