«Тәуелсіз Қазақстанның ата заңы» атты танымдық ойын бағдарламасы

2017 жылдың 29 тамызында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Тәуелсіз Қазақстанның ата заңы» атты танымдық ойын бағдарламасы өтті. Оған «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері, 55524 әскери бөлімінің сарбаздары, №4қазақ орта мектебінің оқушылары мен Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері қатысты.


Іс-шараның мақсаты: Қобалара үйінің тәрбиеленушілерін еліміздің ең басты мерекелік күндерінің бірі болып табылатын ҚР Конституциясы күнімен құттықтай отырып, оларға мерекелік көңіл күйді сезіндіру, өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу.