Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Ұлытау әлемі» көрмесі | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Ұлытау әлемі» көрмесі

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау, насихаттау мақсатында Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы «Ұлытау» ұлттық тарихи – мәдени және табиғи қорық – мұражайымен бірге «Ұлытау әлемі» көрмесін ұйымдастырды.

Көрме Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 2017 жылдың 24 тамызы сағат 11.00 – де ашылды.
Көрмеде Ұлытаудың киелі жерлері мен тарихи-мәдени орындары көркемдік инсталляция түріндегі арт-нысанда берілді.


Көрмедегі құнды жәдігердің бірі -1993 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау өңіріне алғашқы сапарына арнайы дайындалған «Хан тағы».

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Ұлттық музейі «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, «Ұлытау» ұлттық тарихи- мәдени және табиғи қорық – мұражайының басшысы Бахтияр Қожахметов, «kazmuseum.kz» қорының жетекшісі, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс және облыстық мәдениет және білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308