Тұңғыш Президент жолымен
               
 
12 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен «халық экспедициясы» жобасы аясында тарихи-мәдени орталыққа Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, мәжілісмендер, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының серіктестері, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов, аймақ әкімшілігінің өкілдері келді. Делегация мүшелері үшін Орталықтың экспозициялық залдары бойынша экскурсия өткізілді. Ж. Түймебаев тарихи-мәдени орталықтың қызметкерлеріне қызықты ақпарат бергені үшін алғысын білдіріп, орталық басшысы С. Саргизоваға естелік кітабын сыйға тартты.
Халық экспедициясының салтанатты ашылу  рәсімі 7 ақпанда Елбасының отаны – Шамалған ауылында өтті. Жоба  Н.Ә.Назарбаевтың 80 жылдығына және  Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Халық экспедициясының жолы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолының басты кезеңдерімен тұспа-тұс келеді. «Тұңғыш Президент жолымен»  халық экспедициясының күнделігі  және  жалауы  Қазақстан облыстарының өкілдеріне  жіберіледі.







 
			 
			 
			