Тарихи ескерткіштер мәңгі өшпес мұра


2019 жылдың 17 сәуір күні сағат 11.00-де Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Тарихи ескерткіштер мәңгі өшпес мұра» тақырыбында колледж студенттері арасында тарихи-танымдық, зияткерлік бағдарламасы өтті.
Іс-шараны өткізудегі басты мақсат Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жастар жылына» орай студенттермен көпшілік қоғамдық жұмыстарды өткізу, олардың туған жеріне, еліне, оның ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мол тарихи мұраларына деген сүйіспеншілігін, Отаншылдық патриоттық сезімін арттыра түсу.
Шараның форматы тарихи-танымдық, зияткерлік түрде болғандықтан семинар түрінде өткен бағдарламаға қаладағы 7 колледжден оқытушыларымен қоса 70 студент қатысты. Әр оқу орны алдын-ала берілген тақырыптар бойынша еліміздің екі облысындағы «Қазақстанның киелі 100 нысанының»қатарына кіретін тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштер жайлы дайындаған танымдық слайд, бейнебаяндарын көпшілікке таныстырып, мәліметтерімен бөлісті.
Семинар түрінде өткен іс-шараның соңында қатысушыларға Орталықтың атынан арнайы дайындалған Алғыс хаттары табыс етіліп, көпшілік естелік суреттерге түсті.