Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – құқықтық мемлекет құрудың негізі

2016 жылдың 23 маусымы күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында дәстүрлі Назарбаев оқулары аясында «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – құқықтық мемлекет құрудың негізі» тақырыбында Келелі Кеңес ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: Елдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасының «5 институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бағытын, Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастар жол» мақаласындағы құқық қорғау органдары қызметіне байланысты бастамаларын насихаттау.

Келелі Кеңеске Теміртау қаласы әкімдігі, прокуратурасы, ішкі істер басқармасы, қалалық сот және әділет басқармасының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қоғамдық Кеңес мүшелері және ҚР ішкі істер министрлігі Оқу Орталығының тыңдаушылары қатысты.

Іс-шара барысында Мемлекет Басшысының «5 институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы бейнебаян көрсетілді. Содан кейін Теміртау қаласы ішкі істер басқармасының инспекторы Рахматулина Ж.Т. «Ішкі істер органдарының адамдардың мүддесін қорғау және құқықтық тәртіпті нығайтудағы рөлі» тақырыбында, Теміртау қалалық сотының судьясы Дусалиев Е.Э. «Тәуелсіз сот төрелігі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шараға қатысқан құқық қорғау органдары өкілдері күн тәртібіндегі мәселе бойынша пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында Елбасының Ұлт жоспарын насихаттауға өз үлесін қосып, Келелі Кеңеске белсене қатысқан қалалық сот және ішкі істер органдары өкілдері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.