«Ана тілі күніне» орай апталық өтті


12-21 ақпан аралығында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәденни орталығында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар жылына» орай орталықтың экскурсиялық – бұқаралық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен Туған тілдің халықаралық күні аясында «Тілім менің» атты квест ойыны апталығы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты мектеп жасындағы жасөспірімдерді ойын арқылы интельектуалдық зерде-зейінін арттыру мақсатында ойлау қабілетін жетілдіре түсу болып табылады. Ойы озық, санасы сергек білімді де, білікті жасөспірімдер тәуелсіз еліміздің ертеңі екенін Елбасымыз үнемі өз сөзіне арқау етіп айтып келеді. Осыған байланысты 1999 жылдың қараша айынан бастап ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында әр жылдың 21 ақпаны әлем халықтарының Туған тілдерінің Халықаралық күні болып белгіленген. Осы атаулы күнді дүние жүзі халықтары биыл 20 –шы рет атап өтуде. Бізде орталықта да осы күнге байланысты 4-кезеңнен тұратын квест ойыны болып өтті. Жалпы қала мектептерінің 3-4-5сыныптарынан бір апта ішінде квест ойынға 350-ге тарта оқушылары қамтылды.