Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жарияланған | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жарияланған

Ақпанның 21 күні «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында» Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жарияланған “Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатымен облыстық және қалалық ақпараттық- насихат тобы мүшелері Теміртау қаласының ардагерлерімен, этномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен кездесу өткізді.

Орталықтың көк залында жиналғандар алдында Теміртау қаласының кәсіпкерлікті қолдау орталығының консультанты А. Ержанов,» соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі» қоғамдық бірлестігі бастауыш ұйымының төрағасы, қоғамдық Кеңес мүшесі Б.Ордабаев,грек мәдени орталығының жетекшісі Д.И Касипидилер сөз сөйледі. Ал «қалалық ішкі саясат бөлімі» мм басшысы Д.Жүнісова ардагерлердің сауалдарына жауап берді.

Кездесуге қатысушылар ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың саясатына қолдау көрсететіндіктерін білдіріп. барлық қазақстандықтарды Отанымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге шақырды.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308