Жалпы сипаттамасы
Аталуы: «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» КМҚК
Ашылған жылы: 2011 жыл
Меншік нысаны: коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Басшы – Саргизова Саида Жамантайқызы, 2015 ж. бастап
Заңды мекен-жайы: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 40
тел. 8 (7213) 91-43-94, 91-43-60
Электронды адрес: president-centre@mail.ru
Ғимараттың алаңы: 4560 кв. м.
Орталықта: 2011 жылы ашылған 6 көрме залы, 2020 және 2022 жылдары қызметкерлердің күшімен ашылған 2 көрме залы, көркемсурет галереясы мен көрме залы, 120 орындық кинозалы, 70 орындық конференц-залы (қызыл және көк залдар), қор сақтау орны бар
Орталық өзінің мәдени-ағартушылық қызметін келесі құжат негізінде жүзеге асырады: Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жарғысы, «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 31.10.2013 ж. №286 бұйрығымен бекітілген.