Экскурсия

2020 жылдың 8 қазаны күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Қарағанды  облысының  діни бірлестіктер өкілдерінің делегациясы болды. Қонақтар орталықтың экспозициялық залдарын аралап, өз пікірлерімен бөлісіп, келгендерді Рухани келісім күнімен құттықтады.
Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлы да осы экскурсияның қатысушысы болды.          Ол дін қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, ашық диалог үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Дулат Қанышұлы Орталыққа келуге мүмкіндік бергені үшін Орталық қызметкерлеріне жеке алғысын білдіріп, тұрақты ынтымақтастық үшін алғысын айтты.