«Ерлікке тағзым» циклы

3 мамыр күні Орталықта «Ерлікке тағзым» циклы бойынша Жеңіс күніне орай «Қазақтың батыр қыздары» атты музей сабағы өтті. Музей сабағына Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты қазақ халқының атақты қыздары Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспановалардың өмірі мен ерлігін жасөспірім балаларға таныстыру, насихаттау, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, бейбіт күннің қадір-қасиетін түсіндіріп, олардың ерлігіне құрмет көрсетіп – тағзым ету болып табылады. Сабақ уақытында жақсы білімдерін көрсеткен бірнеше оқушылар марапатталды. Музей сабағы жоғары деңгейде өтті.

#жеңіскүні#батырқыздар#әлия#мәншүк#9мамыржеңіскүні #темиртау#караганда

Видеоға ссылка