Уақыт ағымында
Кеңес Одағының Коммунистік партиясы еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік процестердің бірыңғай идеялық шабыттандырушысы болған уақытта Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау қалалық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Бұл жас Н. Назарбаевтың саяси жолының басталуы болды, көп ұзамай комбинат металлургтері Н.Ә.Назарбаевты кәсіпорынның партия хатшысы етіп сайлады. Өзінің іскерлігі мен жеке басының қабілетінің арқасында Н.Назарбаев Қазақ КСР-ның басшы құрылымдарының жоғары эшелонының құрамына кіреді. 1990 жылғы президент сайлауының нәтижесінде көпшілік дауыспен Н.Назарбаев Қазақ КСР-ның Президенті болып сайланады. Мемлекет басына келген алғашқы күндерден бастап байыпты ыңғай мен саяси көрегендік танытқан Нұрсұлтан Әбішұлы өте күрделі әлеуметтік-экономикалық және геосаяси жағдайдағы жас мемлекеттің қалыптасуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
Витриналарда болашақ Президенттің белсенді саяси қызметін сипаттайтын фотоматериалдар мен құжаттар ұсынылған.
Экспозициялық тумбаларда Н.Ә.Назарбаевтың әртүрлі кезеңдердегі қызметіне байланысты құжаттар берілген. Олар Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің Теміртау, Қарағанды және Алматы қалаларының архивтеріндегі зерттеу – іздестіру жұмыстарының нәтижесінде дайындалған. Залда металлургтер Мәдениет сарайы, зауыт-ЖТОО, «Дельфин» (қазіргі «Жастар») жүзу бассейні, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан самарқандтық жауынгерлер ескерткішінің макеттері орналасқан. Ақпараттық панельдерден Орталыққа келушілер маңызды саяси оқиғалардың хронологиясын біле алады.