Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x/qtranslate_frontend.php on line 497

Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Кіші ару Теміртау 2019» байқауы өтті | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Кіші ару Теміртау 2019» байқауы өтті


2019 жылдың 7 ақпаны күні қаламыздағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар жылына» орай Орталық ұжымы мен «Ирина Жукованың сән мектебінің» бірлесе ұйымдастыруымен талантты жастардың «Mini miss Temirtau 2019» сұлулық және сән байқауы өтті.
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты жас таланттарды қолдау және әдемілікке, сұлулыққа баулу. Бұл Орталығымызда жастар жылы қарсаңында өткізіліп жатқан кезекті шаралардың қатарына жатады. Байқауда қаламыздың 3 тен 14 жас аралығындағы жасөспірімдері өнер көрсетті. Мектеп қабырғасында білім алып жатқан жастардың өз-өзін шыңдауына шығармашылығын дамытуға, өз мүмкіндіктерін арттыра түсуде аталмыш сән мектебінің зор үлесі бар. Іс-шарада 13 қатысушы өз бақтарын сынады. Алғашқы болып «Менің Қазақстаным» интеллектуалды кезеңінде бүлдіршіндер Туған жеріне, еліне, Елбасымыздың өнегелі өмір жолына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берсе, келесі кезеңдерде шығармашылығын дамыту мақсатында өз нөмірлерін дайындады. Одан кейін сән үлгісіне арналған қос кезеңнің де тәрбиелік мәні мол болды.
«Mini miss Temirtau 2019» байқауына Жезқазған қаласындағы Studio L сән агенттігінің директоры Анастасия Бережая, Қоғам қайраткері, кәсіпкер Евгения Захарова, «Изумруд» сән агенттігінің басшысы, кәсіпкер Айгерім Қарабаева сияқты қаламыздағы жеке кәсіпкерлер мен сән агенттіктері демеушілік жасады. Жүлделі байқау болған соң сайыс соңында арнайы тағайындалған төрешілер жас таланттардың өнерін бағалап, өз қорытындыларын шығарды. Ұйымдастырушылар тарапынан барлық қатысушыларды ынталандыру үшін тиісті жүлделер беріліп, жеңімпаздар Грузия, Түркия сияқты шет елдерде өтетін халықаралық байқауларға жолдама алды. Ал, Орталықта өткізілген сайыста өзге қарсыластарынан үздік шыққан Аяру Амангелдіқызы «Mini miss Temirtau 2019» байқауының жеңімпазы атанды.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308