Аймақ имамдары Теміртауда жиналды
2017 жылдың 22 мамыры – қасиетті Рамазан айының алғашқы күнібарша мұсылман жұртшылығы үшін қасиеті мол Рамазан айының жақындап қалуына орай Қарағанды облыстық Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында мағыналы жиын өтті.
Облыстың әр қиырынан келген аудан мен қала мешіттерінің Бас имамдарының қатысуымен өткен басқосу жылдағы дәстүр бойынша жамағаттың ұстайтын оразасы мен осынау айда атқарылатын игі шаралардың жоспарын талқылау жайында болды.
Алғашқы болып сөз алған ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы аймақ мешіттерінде атқарылатын жұмыстар мен рухани іс-шаралар барысында жыл сайын кездесіп жататын сан түрлі мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді. Сондай -ақ облыстық мешітке қарайтын аудан, қала мешіттерінің Бас имамдарына бірқатар тапсырмаларын берді.Ал, әр өңірден келген имамдар өз көкейлерінде жүрген өзекті сұрақтарын қойып, оған Облыстың Бас имамдары тарапынан жауаптарын алды.
Жиынның соңы рақым айы – Рамазанға жетіп қауышқан имамдарың жаратушыдан еліміздің амандығы мен қазақ жұртының мәңгілік Тәуелсіздігін, асыл дініміздің қуатты болуын тілеген ақжарма тілекпен аяқталды.