«Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты диалог алаңы
Орталығымызда «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты диалог алаңы өтті. Ақсақалдар институтының мәртебесін көтеру мақсатындағы іс-шараны Орталық пен Теміртау қалалық ақсақалдар алқасы бірлесіп ұйымдастырды. Тағлымды іс-шараға Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев, Теміртау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Олжабаевалар қатысты. Қазыналы қарттардың мағыналы әңгімелерін Қарағанды индустриялық университетінің және Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенттері тыңдап, ерекше әсер алды.