Дәстүрлі Назарбаев оқулары аясында семинар өтті
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Халықтың табысын өсіру және тұрмыс сапасын арттыру – мемлекет ішкі саясатының басым бағыты» атты семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Президент Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіру және олардың жүзеге асуына ықпал ету.
Семинарға Қарағанды облысы экономика, білім және денсаулық сақтау басқармалары мен Теміртау қаласының сәйкес бөлімдерінің өкілдері мен Қоғамдық Кеңестің мүшелері, медицина қызметкерлері, қала мектептерінің директор орынбасарлары мен гуманитарлық пәндер мұғалімдері, колледждердің оқытушылары мен студенттері, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Президент Жолдауына байланысты бейнебаян көрсетілді. Одан кейін Қарағанды облысы экономика басқармасы басшысының орынбасары Әбішева Гүлмира Болатқызы «Экономика басқармасының Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау бойынша жұмыстары», Қарағанды облысы білім басқармасының бөлім басшысы Рымбек Рауан Еркінбекұлы «Білім басқармасының Президент Жолдауын іске асыру бойынша жұмыстары», Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының амбулаториялық-емханалық жәрдемді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Байкенова Дана Ерболатқызы «Денсаулық сақтау басқармасының медициналық қызметтің сапасын жақсарту бойынша жұмыстары» тақырыптарында баяндамалар жасады. Баяндамашылар семинар қатысушыларын қызықтырған сауалдарға жауап берді.
Іс-шара соңында Елбасы Жолдауын насихаттауға қосқан елеулі үлестері үшін Қарағанды облысы экономика, білім және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Орталықта өткізілген дәстүрлі іс-шара Президент Жолдауын жүзеге асыру жолындағы маңызды оқиға болды.