ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ СЕССИЯСЫ
![](https://firstpresident.kz/wp-content/uploads/2019/02/astana-25.02.jpg)
25 ақпан күні Орталықтың ғылыми қызметкері А. В. Каваев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен “Қазақстандық музей: жаһандану және ақпараттандыру дәуіріндегі идеялар мен шындықтар” атты кәсіби сессияға қатысты. Сессия 52 ұйымның атынан 120-дан астам адамды біріктірді. Кездесу “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі мен методологиясы мәселелеріне және Мемлекет басшысының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласына арналды. Іс-шара “Open Space” форматында өтті, оның арқасында қатысушылар музей саласындағы инновациялық технологиялармен танысып қана қоймай, ғылыми-қор жұмысында ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, даулы мәселелерді талқылап, кәсіби пікір алмасты.
![](https://firstpresident.kz/wp-content/uploads/2019/02/asn_0303-1024x684.jpg)