Фотоконкурстың жеңімпаздары анықталды

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы мамырдың 19-ы мен 30 аралығында «Отбасылық альбомнан сурет” атты фотосурет байқауын жариялады. Фотоконкурсқа  Теміртау қаласы мен Қазақстан Магниткасының 1960-1980 жылдардағы қалыптасу тарихын бейнелейтін фотосуреттер қабылданды. Осы аралықта фотоконкурсқа  теміртаулықтардан 10-нан аса суреттер келіп түсті. Ұйымдастырушылар солардың арасынан  қаламыз бен Қазақстан Магникасының тарихын бейнелейтін үш фотосуретті іріктеп алып, үш жеңімпаздың есімі белгілі болды.

Сонымен «Отбасылық альбомнан сурет» атты фотоконкурстың бірінші дәрежелі  Дипломы 1962 жылы түсірілген  «Тұңғыш қазақ краншы қызы» фотосуретіне Рахима Әжібаеваға берілді. Ал екінші дәрежелі Дипломмен «1958-1959 жылдар, 118 ықшамауданындағы Строитель клубы» атты фотосуретке Сағындық Бақтаев, үшінші дәрежелі Диплом  1970 жылдың басы, фотосурет жеке көрме» фотосуретіне   Кутлуева Людмила Васильевна марапатталды.

1-орын                                                       2-орын                                           3-орын

 

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы басшысының орынбасары Гүлжан Социалқызы Кударинова фотоконкурс жеңімпаздарын құттықтап, бағалы сыйлықтарын табыс етті.