Өз заманының перзенті
Адамның тұлға болып қалыптасуы жас кезінен бастап жанұясының, әке-шешесінің, жақын ортасының және өмір сүретін тарихи кезеңінің ықпалына байланысты. Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы ел басына ауыртпашылық түскен соғыс жылдары және соғыстан кейінгі кезеңде өтті. Отбасына тірек болуды мақсат тұтуы, білім алуға құштарлығы, туған халқының қуаты мен зор болашағына сенім артуы болашақ Президенттің жеке басының қасиеттерін қалыптастыруға берік негіз болды.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Іле Алатауының бөктеріндегі Шамалған ауылында дүниеге келді. Залдың ортасында Президенттің балалық шағы өткен жерлерді бейнелейтін «Үшқоңыр» диорамасы орналасқан. Даланың асқан сұлу көрінісі «Балалық шағымның аспаны» фильмінің сарыны бойынша жасалған. Витриналарда Н. Назарбаевтың ата-бабалары “Шапырашты” тұқымдасының шежірелік ағашы, авторы суретші Айжан Әбдубаитова болып табылатын “Зерлеу” алтын қанатымен кестелеудің көне техникасында орындаған, сондай-ақ қазақ халқының тұрмыстық заттары, Шамалған ауылындағы туған үйінің және Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищесінің макеттері қойылған.
Сондай-ақ, Орталыққа келушілер Н.Назарбаевтың оқушылық және студенттік жылдары туралы баяндайтын фотосуреттермен, Мақтау қағаздарымен және «Доменстрой» құрылыс басқармасына жұмысқа берілген жолдамамен таныса алады. Залда «Мұнда еліміздің екпінді құрылысы – Қазақстан Магниткасы бой көтеруде» деп жазылған қызыл қақпа бар. Мұндай қақпалар ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Теміртау қаласының барша кіре беріс жерлерінде орнатылды.