Металлургтер мерекесі қарсаңында Орталығымызда «Мәртебелі мамандық иегерлері» атты кездесу кеші өткізілді.

Биылғы металлургтердің кәсіби мерекесі алғашқы қазақстандық болаттың алынғанына 80 жыл толу мерейтойымен сәскес келіп отыр. Кездесуге қатысқан ардагер-металлургтер Илияс Баймұрзаев, Қуаныш Омашев, Өтеген Ғабдуллин, Абу Аменовтер Қазақстан металлургиясының бастау көзі болған қазақ металлургиялық зауыты қазақ ұлттық кадрларын әзірлейтін шеберханасы болған тарихы жайлы ой бөлісті. Аға буын металлургтердің ізін жалғастырып келе жатқан жас буын металлургтер атынан «Qarmet» АҚ әлеуметтік -еңбек қатынастары бойынша бөлім бастығы Әлібек Алпысбаев сөз алып, ардагерлерді металлургтер күнімен құттықтады.Тағлымды шараға «Жасыл ел» еңбек отрядының жастары қатысып, «Қарақат» мектеп-студиясының шәкірттері өнерлерін көрсетті. #жасылел #qarmet#мамандық#металургия #еңбек#қарақатмектеп#ТұңғышПрезиденторталығы #ЦентрПервогоПрезидента #Presidentecentre #temcenter #Kazakhstan #Karaganda #Temirtau