«Рухани келісім – татулықтың тірегі»
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 2022 жылдың 18 қазан күні «Рухани келісім – татулықтың тірегі» атты рухани келісім күніне арналған ашық диалог алаңы өтті.
Ашық алаңға қаламыздағы конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының мамандары, діни бірлестіктердің өкілдері сонымен қатар қала мектептерінің тарих және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері және Қарағанды индустриялық университетінің студенттері қатысты.