Семинар
2020 жылдың 17 қаңтарында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері Д.Б.Кетебаев пен В.В.Кутлуевалар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай жарияланған “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласын талқылауға арналған семинарға қатысты.Іс-шараға қаламыздың білім беру саласының ардагерлері мен қызметкерлері, “Магнит” шығармашылық бірлестігінің өкілдері қатысты.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау және оның заманауи талаптарға бейімделу, Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің кіндік кескен жері, Семей өңірінің мәртебесі мен дамуы, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын тереңдетіп оқыту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу секілді негізгі тақырыптар талқыға түсті.Сондай-ақ ұлы ақын мен философтың шығармашылығын жалпы білім беретін мектептерде оқыту, оның бай мұрасын мектеп бағдарламасының қатаң шеңберіне бейімдеу мәселесі де әңгіме арқауына айналды. Семинар соңында қатысушыларға Алғыс хаттар табыс етілді.