Жылдың айтулы мерекелерінің бастауы

2020 жылдың 22 қаңтары күні Теміртау қаласының Мәдениет сарайында  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен үстіміздегі  жылы атап өтілетін Қазақстан тарихындағы  елеулі оқиғалардың бастауына   арналған Форум өткізілді. Бұл мерейлі мерекелердің тізбегінде Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, ұлы Абайдың 175 жылдығы,  ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы, Ұлы Жеңіс пен Теміртау қаласының  75 жылдығы сияқты оқиғалар бар.

Форумды Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов кіріс сөзімен ашып, теміртаулықтарды ұлтымыз тарихындағы ұлы мерейтойларды лайықты деңгейде атап өтуге шақырды. Іс-шараға Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері  Қуатбек Мәмбетов қатысып,  «Ұлы дала – Алтын Орданың қарашаңырағы» тақырыбында баяндама жасады.