Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында өткен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз кішкентай балалармыз!» атты мерекелік іс-шара туралы АҚПАРАТ
2018 жылы 1 маусым Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Center AT» ағылшын тілін үйрету орталығымен бірлесе отырып, Теміртау қаласының Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс-шара өтті. Аталмыш шараға Теміртау қалалық «Ангел мой» қоғамдық бірлестігінің мүмкіндігі шектеулі балалары, ата-ана қамқорынсыз қалған және аз қамтылған отбасы балалары қатысты.
Іс-шара мақсаты көңілді ойындар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастыру арқылы балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Шара барысында балалаларға «жұмбақтың шешімін тап!», «кім тапқыр?», «кім шапшаң?» сияқты әртүрлі конкурстық ойындар өткізілді, белсенділік танытқандарға сыйлықтар таратылды.
Сонымен қатар қаланың үздік шығармашылық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, орталықтың және Center AТ қызметкерлері дайындаған флеш-мобке де балалар қызығушылықпен қатысты.
Мерекелік іс-шараның соңында Орталықтың басшысы С.Ж.Саргизова мен АТ тіл орталығының басшысы М.В.Шиллерге құттықтау сөзі берілді. Олар аталмыш шараның демеушілеріне алғыс хаттар табыстады. Ал барлық балаларға демеушілер тарапынан балмұздақ, бейсболкалар т.б сыйлықтар таратылды. Бұл мерекелік іс-шараның демеушілері болған Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының Теміртаудағы филиалы, Қарағанды облыстық Іскер әйелдер кеңесінің Теміртаудағы филиалы, «REN MILK» ЖШС, «Банк Kassa Nova» АҚ болды.