Теміртау қаласының шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізуді қолдады


Теміртау қаласында 18 сәуірде өткен дөңгелек үстелге қатысушылар Президентінің кезектен тыс сайлауына қолдау білдірді. Кездесуге 60-тан астам адам – қалалық мәдениет мекемелерінің өкілдері, мұражайлардың, кітапханалардың, мәдени-демалыс ұйымдарының қызметкерлері, Қарағанды индустриялық университетінің ғылыми қызметкерлері жиналды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Теміртау – Тұңғыш Президенттің еңбек жолы басталған қала екенін атап өтті. Металлургтер шаһарының тұрғындары, шығармашылық және ғылыми зиялылар өкілдері халықты Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық құқығын пайдаланып, еліміздің болашақ президентіне дауыс беруге шақырды.
Кездесуге қатысушылар кезектен тыс сайлау қазақстандық қоғамның одан арғы жолын анықтауға және еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол қоғамның одан әрі экономикалық өркендеуін, демократиялануын, ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатын қамтамасыз етеді.
Дөңгелек үстел жұмысына Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының директоры Н. Скорикова, ҚарМИУ тарих ғылымдарының магистрі, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Д. Жаңабергенова, «Берегиня» орыс халық әндері ансамблінің жетекшісі С. Гежа, ТМҮ мәдени-демалыс жұмысы бөлімінің жетекшісі Р. Алдашева, ҚР Тұңғыш Президенті тарихи-мәдени орталығының экскурсоводы Қуаныш Тыныбек қатысты.

https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/26125