Коллекциялық күміс “Бұғылар. Әшекейлер” монетасы «Номадтар алтыны» сериясынан
Монета 2010 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан монета сарайымен айналымға шығарылды, монетаның аверсінде оң жағында “500 ТЕҢГЕ” номиналы және “Ag 925 31,1 gr.”монетаның салмағы 31,1 грамм болатын 925 күмістен соғылғанын білдіреді. Сол жақта төрт шабандоздың бейнесі орналасқан. Монетаның периметрі бойынша мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ” және ағылшын тілінде “REPUBLIC OF KAZAKHSTAN” деген басылған жазу орналасқан.
Монетаның орталық бөлігіндегі реверсінде екі бұғы түріндегі ілгек-әшекейдің бейнесі бар. Жоғарғы бөлігінде шеңбер бойымен “БҰҒЫЛАР. ӘШЕКЕЙЛЕР “мемлекеттік тілде және “BUCKLES. DEERS” ағылшын тілінде, төменгі жағында спиральдың геральдикалық бейнесі бар. Монетаның периметрі бойынша мемлекеттік тілде “КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ” деген жазу басылған, соғылған жылын білдіретін “2010” саны және ағылшын тілінде “THE GOLD OF NOMADS” деген жазу басылған.