«Күміс барыс» 1 тенгелік монетасы

Монеталардың аверсінде орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның тиісті номиналын білдіретін “1 ТЕҢГЕ” деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ” және ағылшын тілінде “NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN” деген жазу бар.

Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде қар барысының бейнесі. Суреттің сол жағында соғылған жылын білдіретін “2009” саны. Жоғарғы секторда шеңбері бойынша екі жолға мемлекеттік тілде “КҮМІС БАРЫС” және ағылшын тілінде “SILVER IRBIS” деген жазу, оң жағында – шеңбері бойынша “Ag 999,9 1oz” деген жазу бар. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерлі.